Негізгі / Жаңалықтар / Моноқалаларда коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтер төмендейді

Моноқалаларда коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтер төмендейді

Моноқалаларда коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтер төмендейді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Былтыр монополистерді жаппай тексерген соң облыс орталықтарында тарифтер сәл де болса төмендеді. Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы депутаттары шағын шаһарлардағы бағамға да тоқталды.  

Берік ОСАПАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Облыс орталықтарынан асып, шағын қалаларға бет алсаңыз, тарифтердің төмендеуі жоқ дейді халық. Мен өзім осы жұма күні халықпен кездесу өткіздім. Халық тарифтердің төмендеуін күтуде. Егер, моноқалаларда тарифтер өзгермейтін болса, елбасының бұл мәселені шешу үшін берген тапсырмасы толық орындалмай жатыр деген сөз емес пе?!

Тарифтер әр жерде әртүрлі пайызға арзандады. Кей қалаларда бұл көрсеткіш 32 пайызға дейін жетеді екен.   

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:  

Бүкіл аймақтарда біз өзгерттік, тарифтер түсті. Бірақ, мәселе онда емес қой. Кейбір аймақтарда енді түскені біраз. Кейбір аймақтарда шамалап түсті. Көбісі мына монополистердің өздері шықты арыз жазып, біздер түсіреміз деп, тарифтерді түсіреміз деп. Біз қарадық. Кейбір кезде ол айырмашылығы көп 1 пайыздан 32 пайызға дейін мысалы.

Н. Біләл