Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскеменде атауы жоқ ауыл бар

AstanaTV
13.02.2019ж. 20:00
3224
Өскеменде атауы жоқ ауыл бар

Өркениеттен жұрдай өлке. Өскемен билігі жүзге тарта адам тұратын елді-мекеннің бар екенін енді ғана біліп жатыр. Ал, аты жоқ ауыл тұрғындары сегіз жыл бұрын жер телімдерін рәсімдеп, баспана салған. Содан бері көпшілік инфрақұрылым иглігін көре алмай отыр. Елеусіз қалған елді-мекеннің мәселесі қала әкімінің есеп беру жиынында көтерілді. Тұрғындар атқамінерге сауал жолдап еді шаһар басшысы атауы жоқ ауыл жайлы білмейтін боп шықты. Жол жоқ, автобус жүрмейді. Электр жарығын жеке трансформатордан алады. Көшелер қараңғы, қаңғыған ит көп. Ауылдықтар балаларын мектепке жетектеп апарып, жетектеп қайтады.  

Құмар ТОҚАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:   

Үйлердің мекен-жайы жоқ. Өте ыңғайсыз. Такси шақырсаң, таба алмайды. Жаңа салынып жатқан аудан дейді. Келесі жылы міндетті түрде ауыз су өткіземіз деді. Алдағы жоспардың не боларын білмейміз енді.

Жуырда арнайы жұмыс тобы құрылған. Елді-мекеннің түйткілімен енді солар айналыспақшы. Атауы жоқ ауыл Меновнов ауылдық окургінің аумағына қарайды. «Көктемнен бастап жол салынып, көшелерге атау, үйлерге нөмір беріледі»,-деді жергілікті билік. Әзірге қалалық коммуналдық қызмет апта сайын ауылдың жолын қардан тазартып әлек.  

Тамара РАҚЫМЖАНОВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бүгінгі күнде бізге тиесілі тапсырма жүктеліп, сонымен айналысып жатырмыз. Әуелі әлеуметтің өтініші бойынша электр тораптарына техникалық тексеру жүргіземіз. Ауыз суға байланысты да техникалық негіздеме жасаймыз. Қанша қаражат қажет екенін есептеу үшін. Содан кейін тиісті шаралар қолданамыз.

З. Санай