Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Ақ аюлар Ресейде адамдарға шабуылдай бастады

Ақ аюлар Ресейде адамдарға шабуылдай бастады

Ақ аюлар поляр мұздықтарынан кетіп жатыр. Жыртқыштар тұрғын-жайлар мен қоқыстарды төңіректейтін болған. Ресейдің Архангельск облысы, Белушья Губа ауылында бүгінде 50 шақты ақ аю жүр. Он шақтысы елді-мекенде ұзаққа тұрақтағанға ұқсайды. Аюлардың ауылды басып алғаны туралы «Нью Йорк Таймс», «The Guardian» басылымдары да жазып үлгерді. Өткен аптадан бастап жергілікті билік төтенше жағдай жарияланған. Бірақ, маймақтарды атуға тыйым салынды. Ал, экологтар қоқыстарды тағам қалдықтарынан тазартуға кеңес беріп жатыр. Себебі, иісті бірнеше шақырымнан сезетін жануар аумаққа тіміскілеп, тамақ іздеп келеді. Адамға шабуыл жасағандары да бар. Мамандар аюлардың бұл әрекетін климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруімен де байланыстырады. 

А. Сейфулла