$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Басы дауға қалған ақтаулық судьяға қатысты Ж. Асанов пікір білдірді

AstanaTV
14.02.2019ж. 20:00
1899
Басы дауға қалған ақтаулық судьяға қатысты Ж. Асанов пікір білдірді

Басы дауға қалған Ақтау қалалық Сотының экс-төрағасына қатысты Жақып Асанов пікір білдірді. «Келеңсіз жайттың саяси астары жоқ»-, дейді ол. Мәлік Кенжалиевтің ісін арнайы комиссия былтыр қазан айынан бері жіті тексергенін айтты.  

Жақып АСАНОВ, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Мәселе оның жаңағы анау коттедж дейді ғой. Ол мәселе коттеджді салды ма, салмады ма, онда емес. Мәселе қарызы бар ма, жоқ па, оған да қатысты емес. Мәселе оның қызметіне де қатысты емес. Қаралған мәселе анау видеодағы 1 мин 27 секунд ішіндегі айтқан әңгімесі. Сол әңгімеде сот жюриінің мүшелерінің пікірінше, сол әңгімеде ол біраз мынау әдеп жөніндегі кодекстің талаптарын бұзды деп. Сол мәселе. Басқа ешнәрсе жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, апта басында Ақтау қалалық қылмыстық сот төрағасы Мәлік Кенжалиевтің басы дауға қалған еді. Ол өз коттеджін тұрғызған құрылысшылар ақысын 5 жылдан бері бермей келген. Ал, еңбек ақысын талап еткен жұмысшыларды «түрмеге қамаймын» деп қоқан-лоқы көрсеткен көрінеді. Әлеуметтік желіде соттың дөрекі сөздері жазылған видеосы тарап кеткен болатын.  

Н. Біләл