$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда адам лифтке құлап, қаза болды

AstanaTV
14.02.2019ж. 20:00
3874
Алматыда адам лифтке құлап, қаза болды

Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінде лифт шахтасына құлап мерт болған азаматқа қатысты тергеу жұмыстары басталды. Қайғылы оқиға Алғабас ықшам ауданында болды. Жеделсаты есігін бұзып кірген, 59 жастағы ер адам ішіне құлап кеткен. Марқұмның денесін істен шыққан лифтіні қосуға келген қызметкер байқаған. Олжас Нұржақып тарқатады.  

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Қайғылы жағдай Алғабас 6 ықшам ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің бірінде кеше түс ауа сағат 4-тен кете орын алған. 59 жастағы тұрғын 5-ші қабаттағы жеделсаты есігін күшпен ашып, шахтаға құлапты. Ал, оның денесін тек кешкісін тоқтап қалған лифтіні іске қосуға келген қызметкер байқап қалған.

Қайғылы жағдай бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Ер адам тағатсыздана батырманы қайта-қайта басып, есігін соққылай бастайды. Оны күштеп ашам деп, қапасқа құлап кеткен. Бірінші қабатта тұратын Нина әжей дыбысты естігенін айтады. Бірақ, адам өлгенін кеш батқанда бір-ақ білген. 

Нина НЕНАШЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Немеремізді ұйықтатып, шай ішуге отырғанбыз. Сағат шамамен 16:20-16:25-тер шамасы. Төбеден жеделсатыға ауыр зат лақтырғандай «тарс» еткен дыбыс шықты. Есікті ашып қарадық, тыныштық. Сосын қайта кіріп, ұмытып қалғанбыз. Кеш қарая ел шулай бастады.

Көршілердің айтуынша, марқұм 3 жыл бұрын көшіп келген. 6-қабатта баласымен, немерелерімен тұрыпты. Көрші-қолаң жеделсатының жиі бұзылатынына шағымданды.  

Мына лифт өте нашар. Жоғары тұрады падоны, кейде төмен түсіп кетеді. Өткенде сол кісінің қолы қысылып қалыпты. Лифт өте нашар. Шынын айтайын. Адам жүріп, мінуге қорқамыз.  

Құрылғыға жауапты «Алматы лифт» серіктестігі болса лифтінің тоқтап тұрғаны туралы хабарламаны кешқұрым 8-дер шамасында алған. Олар бұл жеделсаты Қытайда шығарылған. 2015-ші жылы осы баспанаған құрылған деп отыр. «Қазір қандай да бір пайым жасауға әлі ерте. Барлық жайт тергеу аяқталғанда белгілі болады»-, дейді.  

Алмас САРТАЕВ, «АЛМАТЫ ЛИФТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

9-жарымдар шамасында барады жаңағы жерге лифт тоқтап тұр, жүргізейін деп. 6 этажда тұр деп индекациясы жанып тұрған соң 6 этажға көтеріледі. Лифт бос тұр. Ары қарайды, астыңғы этажға қараса есігі сынып тұр. Содан кейін свет түсіріп қараса, ішінде адам жатыр.

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Полиция «Қауiпсiздiк талаптарына сай қызмет көрсету» фактісімен іс қозғаған. Ол бойынша төрт жылдан сегiз жылға дейiн бас бостандығынан айыру көзделеді. Бірақ, кімнің кінәлі екендігі тергеу жұмыстары аяқталғанда белгілі болмақ.

О. Нұржақып