Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елмізде көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік жәрдемақы, әлеуметтік төлемақы түрінде берілетін кешенді модель ойластырылған

AstanaTV
15.02.2019ж. 20:00
5531
Елмізде көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік жәрдемақы, әлеуметтік төлемақы түрінде берілетін кешенді модель ойластырылған

Елмізде көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік жәрдемақы, әлеуметтік төлемақы түрінде берілетін кешенді модель ойластырылған. Төлемдер инфляция деңгейіне қарай индекстеліп отырады. Олай болса мемлекет ана мен баланы әлеуметтік қолдау үшін қанша қаржы жұмсайды? Сандарға салып, саралап көрейік. Биыл бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы - 95 950 теңге, бала саны төрттен жоғары болған жағдайда 159 075 теңге болып бекітілді. Соңғы үш жылда аталған жәрдемақы мөлшері 38 пайызға көбейген. Былтыр жалпы алғанда 395 мың адамға 40,7 млрд теңге ақша көлемінде бөлінген екен. Сонымен бірге, елімізде бала бір жасқа жеткенше әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мәселен, анасы жұмыссыз болған жағдайда бала күтіміне 14 544 теңгеден 22 473 теңге аралығында ай сайын беріліп отырады. Мұндай жәрдемақыны 2018 жылы 125 мың адам алған. Жалпы сома - 30 млрд теңге. Соңғы үш жылда жәрдемақы мөлшері 19 пайызға артқан. Егер, анасы жұмыс істейтін болса, оған әлеуметтік аударымдар түсіп тұрады. Жүкті кезде, босанған соң төленетін қаражаттың көлемі оның соңғы бір жыл ішіндегі табысының мөлшеріне байланысты. Өткен жыл қорытындысына сәйкес, елімізде орта есеппен төлемақы көлемі 391 170 теңге болған екен. Бала бір жасқа толғанша берілетін төлемақы анасының соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде беріліп отырады. 2018 жылы орта есеппен алғанда аталған төлемақы мөлшері 32 361 теңгені құраған. Былтыр 400 мың ата-ана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 165 млрд теңге алған. Ақпарат көзі «Айқын» басылымы.  

Н. Біләл