Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Конституция Президентке өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқық берді

AstanaTV
15.02.2019ж. 20:00
2581
Конституция Президентке өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқық берді

Ата Заң Президентке өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқық берді. Нұрсұлтан Назарбаев жолдаған сауалға Конституциялық Кеңес осылай деп жауап берді. Кеңестің пікірінше, негізгі Заңнан Мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Ол адам әрі Қазақстан азаматы ретінде Президентке тиесілі және әр тұлғаның конституциялық құқықтарын, соның ішінде еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын бекітетін Конституцияның басқа да ережелерімен байланысты. «Сондай-ақ, Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған...жағдайда...» деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде Мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды деп есептейді. Еске салайық, Мемлекет басшысы Конституцияның 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдаған болатын. 

М. Дюсекина