Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодарда көпбалалы отбасылар мәселесін шешу үшін ынталы топ құрылуда

AstanaTV
15.02.2019ж. 20:00
2409
Павлодарда көпбалалы отбасылар мәселесін шешу үшін ынталы топ құрылуда

Павлодарда көпбалалы отбасылар мәселесін шешу үшін ынталы топ құрылады. Өңір басшысымен кездеспек болған 500-ге тарта ана «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына келді. Болат Бақауовтың сөзінше, шенеуніктер тұрмысы төмен азаматтардың жағдайымен жақсы таныс. Олардың бәрін толғандырған мәселе біреу ғана - баспана жайы. Бүгінде мұндай отбасылардың алғашқы салымға ақша жинауға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан олар тұрғын үй бағдарламасына да қатыса алмайды. Тағы бір мәселе - мемлекеттік балабақшалар бөбектерді тек 3 жасынан қабылдайды. Ал, бала ақысы тек 1 жасқа дейін төленеді. Әйел азаматтар тапқан-таянғаны коммуналдық қызмет пен тамаққа және жолақыдан аспайтынына ашулы. Бақауов барлы отбасыға көмектесуге уәде берді.  

Болат БАКАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Біз әрбір отбасының әлеуметтік паспортын жасадық. Әрбір мұқтаж жанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы тапсырма бердім. Оларға көмек қолын созғандар - депутаттар мен кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының басшылары.

Е. Карин