Астана қалалық қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов жеке телефонын жариялап, кәсіпкерлерге жемқорлық фактісі бойынша бірден өзіне қоңырау шалуға кеңес берді. Былтыр сол департаменттің бөлім бастығы бір кәсіпкерден айфон Х телефонын бопсалап, ұсталады, сөйтіп тергеу жүріп жатқанда тағы бір кәсіпкерді бопсалайды. Оның тергеу кезінде тыныш отырмағанына Байғабыловтың өзі жағасын ұстаған сияқты.
Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Ең қызығы, біріші ұсталғанда айылын жимағаны. Тергеу жүріп жатқанда тағы бір кәсіпкерге тексеруді жабуға көмектесемін деп, қайтарымына ақшалай сый сұраған. Ал шын мәнінде тексеру болмаған да.
Енді тақырыпқа орай тұздық история. Молдованың студент-миллионері Лондонның лас ақшадан тазару операциясының кезекті кейіпкері болды. Молдованың бұрынғы премьер-министрі, 1 млрд доллар ұрлады деген айыппен 9 жылға сотталып, қазір түрмеде жатқан Влад Филаттың ұлы Лука осы аптада Лондон Сити сотының шешімімен 500 мың фунт стерлингінен айырылды. Британияда 2 жыл бұрын заң шықты – кім де кім қомақты қаржыға мүлік, тауар алып, бірақ оның шыққан тегін, өз еңбегінің жемісі екенін дәлелдей алмаса, есепшоты бұғатталады, ақшасы тәркіленеді. Лука Лондонға 2016 жылы барған, жарты миллион долларға пентхаус жалға алады, 200 мың долларға Бентли машинасын сатып алған. Шалқып тасып өмір сүріп жатқан жігіт әрине, бірден күдікке ілінген. Бірақ Британия кінәлі деген айып тағып, басын қатырмайды, лас ақшаны тартып алады, болды. Айтпақшы, былтыр Әзербайжанның халықаралық банкі басшысының жұбайы Замира Хаджиева тұтылған. Оның жағдайы тіпті қиындау – Замира ханым Лондондағы сән-салтанаты келіскен үйді және гольф алаңы бар поместьені алуға жұмсаған қаржыны қалай тапқанын дәлелдеуі керек. Британияның қылмыспен күрес жөніндегі Ұлттық агенттігінің өкілі Дональд Тун Би Би Си-ге берген сұхбатында: «Жұмыс көп, біздің нысанаға Африка, Оңтүстік Азия, бұрынғы Совет одағы және Ресей азаматтары алынған»,-деген.