Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Delta Bank жабылады - Ұлттық Банк

AstanaTV
03.11.2017ж. 20:00
2069
Delta Bank жабылады - Ұлттық Банк

Қазақстанда Delta Bank жабылады. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады. Күні кеше аталған банктің лицензиясын жою жөнінде шешім қабылданған. Яғни қаржылық институт банктік және өзге операцияларды іске асыра алмайды. Бағалы қағаздар нарығында іс жүргізуге рұқсат берілмейді. Қазір Дельта банкке уақытша әкімшілік тағайындалды. 

Саят Жұмабаев, Ұлттық Банктің бас маманы:

Ұлттық банк Дельта банктің жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату өтінішімен сотқа арызданбақ. Бұл шешім банктің жүйелі түрде нормативтерді бұзуына байланысты, және төлем бойынша нормативтерді орындамауынан қабылданды.

Ұлттық Банк өкілі Дельта банктің депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қатысушысы екенін айтады. Теңгемен сақталған депозиттің 10 миллионы, ал өзге валютамен сақталған жағдайда 5 миллион теңге қайтарылады. 2 мыңнан астам салымшы бас-аяғы 120 миллион теңгедей салымын ала алады. БАҚ таратқан мәліметке сай, шығынға батқан банкте KEGOC компаниясының 1,3 миллиард теңгесі қалып қойған. Бұл сома бойынша қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, азық-түлік келісімшарт корпорациясы «КазАгро» компаниясынан Дельта банктен 14 миллиард теңге мен 100 миллион долларды талап ету құқығын сатып алды. Қазақстан қор биржасында бұл міндеттердің мерзімі 2024 жылға дейін жалғасуы мүмкін делінген.