Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
4310
Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады

Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады. «Е-гов» порталындағы мерекелік күндер күнтізбесінде осылай белгіленген. Наурыз айында екі бірдей ірі мереке бар. Халықаралық әйелдер күні - жұма күнге түсіп тұр. Сенбі, жексенбіні қосқанда 3 күн қатарынан демалыс болып белгіленген. Ал, Ұлыстың ұлы күнін тойлау үшін 3 күн беріледі. Заңда осылай бекітілген. Ол 21-і мен 23-і наурыз аралығы. Бұл бейсенбі, жұма, сенбі күндері. 23-і «сенбіге» келгендіктен дүйсенбі демалыс күні болып белгіленген. Бұл кезде қазақстандықтар ұлттық мерекені 5 күн қатарынан тойламақ. Осылайша, наурыз айында 14 күн демалыс болса, 17 күн жұмыс істейді екенбіз.  

Г. Меңдеева