Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда онлайн кассалық аппараттарды орнатпаған кәсіпкерлер жазаланады

AstanaTV
19.02.2019ж. 20:00
4168
Алматыда онлайн кассалық аппараттарды орнатпаған кәсіпкерлер жазаланады

Алматылық 21 мың кәсіпкер кассалық аппараттарын онлайн арқылы бақылауға жағдай жасамай отыр. Салықшылар осылай деп отыр. Олардың дерегінше, небәрі 5 мың кәсіп иесі цифрландыруға көшкен. Салықшылар сәуір айына дейін тағы да 16 мың шағын және орта бизнес субъектілерін онлайн төлем жүйесіне көшіруге міндеттемек. Мамандар белсенділіктің төмен екенін айтып отыр.  

Нұржан ЖҮНІС, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

Бақылау қассалық машинасын орнату мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды. Өйткені, бұл заң. Оны орындау бәріне міндетті. Егер, кассалық аппарат орнатылмайтын фактілер болса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 284 бабы бойынша әкімшілк шара қолданылатынын ескертеміз. Бірінші рет ескерту. Қайталанса, 30 АЕК айыппұл салынады.

Қаржы министрінің былтырғы бұйрығына сәйкес қаңтардан бастап базарда, ашық сауда орындарында тұрған кәсіпкерлер де ақшалай есеп айырысуды тікелей тіркеп отыратын кассалық машиналар қоюға міндетті. Бұл көлеңкелі экономикадағы қаржы айналымын азайтып, салықтық түсімдерді арттырады. Онлайн кассалық аппараттармен қамту үш кезеңнен тұрады. Ол қызмет түріне байланысты. Соңғысы қазан айында тіркеліп болуы тиіс. Қазір онлайн кассалық машина орнату құны 30 -50 мың теңге аралығында тұрады.  

Р. Асқарбекұлы