Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ҚР ИИДМ тұрғын үй кешендерін мүгдектерге ыңғайлы етіп жөндеуге қатысты заңға түзетулер әзірледі

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
1964
ҚР ИИДМ тұрғын үй кешендерін мүгдектерге ыңғайлы етіп жөндеуге қатысты заңға түзетулер әзірледі

Қазақстанда мүгедектерді көлікпен тасымалдау бойынша қосымша ережелер енгізілмек. Енді көру қабілеті төмен балалар инвотаксимен тегін жүре бастайды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасын қадағалау Комиссиясының отырысында мәлім болды. Онда мүгедектер мәселесі көтерілді. Атап айтсақ, ғимараттарды салу мен жөндеу кезінде қолжетімділікті қамтамасыз ету. Оның ішінде стандартқа сәйкес келмейтін үй салғандарға жауапкершілікті күшейту жоспарланады. Ал, ЖОО мен колледждер бағдарламасына жобалау мен құрылыстың қолжетімділігі бойынша курстар ашылмақ.  

Алмаз ЫДЫРЫСОВ, ҚР ИИДМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жаңа насындарды жобалау және салу үшін қолданыстағы базада барлық қажетті талаптар бар. Дегенмен, бұл талаптардың кейбірі орындалмайды. Министрлік тұрғын үй-кешендерінде қолжетімділік талаптарын орындауға, сондай-ақ жерді жақсартуға міндетті заңдарға түзетулер әзірледі.

У. Қабылтай