Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өскемен әуежайы алдағы 3 жыл бойы қайта жөндеуден өтеді

AstanaTV
19.02.2019ж. 20:00
3338
Өскемен әуежайы алдағы 3 жыл бойы қайта жөндеуден өтеді

Өскемен қаласындағы әуежай алдағы 3 жыл бойы қайта жөнделеді. Бұл туралы арнамызға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Нұржан Жұмаділов айтты. Жобаның жалпы құны 10 миллиард 626 миллион теңге. Оның 7,3 млрды әуежайдың құрылысына жұмсалса, 1,6 миллиард теңгесіне түрлі құрылғылар сатып алу көзделген. Ал, жөндеу жұмыстарын толықтай 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Қазір жоба мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Бұдан кейін азаматтық авиация комитетінің сарапшылары бекітуі тиіс. Ең алдымен ұшу- қону жолағы ұзартылып, 45 метрге дейін кеңейтілмек. Жөндеуден кейін әуежай «Боинг» және «Эйрбас» ұшақтарын қабылдай алады. Қазіргі таңда басшылық ұшу кестелерін қайта құрып жатыр.  

Нұржан ЖҰМАДІЛОВ, ШҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Әуежайды жабу-жаппау жағы әзір шешілген жоқ. Өйткені, алғашқы жылы ұшу-қону жолағынан басқа да жөндеу жұмыстары қатар жүрмек. Одан кейін ұшақтарды кешкі, түнгі уақыттарға қоюды қарастырамыз. Күндіз жөндеу жүргізілсе, түнде әуе көліктері ұшатын жолақтар төселеді.

А. Қуаш