Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Тұрмысы төмен отбасылардың ортақ табысын қайта есептеу қажет - З. Аманжолова

AstanaTV
19.02.2019ж. 20:00
3254
Тұрмысы төмен отбасылардың ортақ табысын қайта есептеу қажет - З. Аманжолова

Тұрмысы төмен отбасылардың ортақ табысын қайта есептеу қажет. «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Зәуреш Аманжолова осындай ұсыныс айтты. Депутат ортақ табысқа студенттің шәкіртақысын, отбасы мүшесінің мүгедектігіне қарай алатын жәрдемақысын қосудың қажеті жоқ деп санайды. Бұл аз қамтылған отбасыға қажетті төлемдерді алуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Бұған дейін депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне табысты есептеу ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс айтқан. Қазір халықтың әл-ауқатын жақсартып, табысын көтеру үшін жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға қолдау артпақ. Елде мұндай отбасылар саны 270 мыңды құрайды. Бұдан бөлек, мәжілісмендер әр аймақ пен шалғай ауылдардағы тұрғындар жағдайын бақылайтын әлеуметтік карта жасауды ұсынып отыр. Енді жұмыс тобының қорытындысына сай нақты шаралар қабылданбақ.  

Зәуреш АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Былтыр 5 қарашада Үкімет сағатын өткіздік. Онда жиынтық салықты есептеудің ережесін өзгертуді ұсындық. Жәрдемақы тағайындар кезде көпбалалы отбасыдан шыққан студенттің шәкіртақысын, мүмкіндігі шектеулі баланың жәрдемқысын есептемеу қажет. Біздің ұсынысымызды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ескереді деп ойлаймын.

А. Бектас