Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Цеснабанк» білім ошақтарына қаржылық қолдау ұсынуы мүмкін - Ш. Катсу

AstanaTV
20.02.2019ж. 20:00
2335
«Цеснабанк» білім ошақтарына қаржылық қолдау ұсынуы мүмкін - Ш. Катсу

«Цеснабанк» білім ошақтарына қаржылық қолдау ұсынуы мүмкін. Бұл туралы «Астана» арнасына эксклюзивті сұқбат берген қаржы институты Директорлар кеңесінің төрағасы және Назарбаев университетінің Президенті Шигео Катсу айтты. Жаңа басшылық банк қызметін цифрландыруға, тұтынушылар қатарын көбейтуге басымдық бермек. «Цеснаның» акцияларды беру процесі 10 күн бұрын ғана басталды. «Сондықтан, басқа да өзгерістер туралы айту әлі ертерек», - дейді Катсу.  

Шигео КАТСУ, «ЦЕСНАБАНК» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Банк жеке клинеттерге барынша ашық бола түседі. Цифрландыру және e-banking енгізу - басты міндет. Тұтастай алғанда бірдеңе деуге әлі ерте. Серіктестермен, тұтынушылармен кеңесу керек. Сөзсіз, біз комерциялық тұрғыда табысты болуымыз керек. Дегенмен, «Цеснабанктың» қоғамға жалпы пайдасы тигенін қалаймыз. Сондықтан, білім саласымен байланыста болған соң, банк саласының дамуына, мектеп пен университеттерді қаржылай қолдау ұсынуы мүмкін.

Еске салайық, «Цеснабанк» 6 ақпанда бақылау пакеті мен негізі акцияларының 99,5 пайызын Назарбаев университеті жанындағы «First Heartland Securities» брокерлік компаниясына сатты. Ал, сұхбаттың толық нұсқасын сенбі 20:00-де апталық-сараптамалық «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.  

М. Дюсекина