Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нәзік жандылар кәсібін жандандыруға, қолдауға қосымша бір миллард теңге бөлінеді - «Қазақстан Халық банкі»

AstanaTV
20.02.2019ж. 20:00
2621
Нәзік жандылар кәсібін жандандыруға, қолдауға қосымша бір миллард теңге бөлінеді - «Қазақстан Халық банкі»

Нәзік жандылардың кәсібін жандандыруға қосымша бір миллард теңге бөлінеді. Бұл туралы «Women in business» форумында «Қазақстан Халық банкі» басқармасының Төрайымы Үміт Шаяхметова айтты. Ол елде бизнес ханымдар қатары күн өткен сайын артып келе жатқанын айтты. «Халық банктің» бес мыңнан аса салымшысының тең жартысы әйелдер көрінеді. Оның үстіне төлемді өтеу жағынан жауапкершілік те жоғары. Сондықтан, қаржы институты келіншектер кәсібін қолдауды жөн көріпті. Өткен жылы бұл мақсатқа 2 миллиард теңге бөлінген. Сол арқылы екі жүзге жуық қыз-келіншек өз ісін дөңгелетіп әкеткен.  

Үміт ШАЯХМЕТОВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ: 

5 пайыздық мөлшерлемемен осы жылы тағы қыз-келіншектер кәсібіне 1 миллиард теңге бөлуге дайынбыз. Қолдау жалғасады. Ең алдымен бұл қаржы жауапкершілікті сезіне білетін, қолынан іс келетін нәзік жандыларға беріледі. Сондықтан, өз идеяңызды іске асыруда аяқ тартпаңыз.

О. Нұржақып