$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Смартфон адам көзін 500 рет күйдірген

AstanaTV
21.02.2019ж. 20:00
2694
Смартфон адам көзін 500 рет күйдірген

Смартфон Тайвань тұрғынының көзіне зақым келтірді. 25 жасар қыз екі жыл бойы телефон экранының жарығын барынша күшейтілген күйде қолданған. Мамандар оны қарай келе сол көзінің көру мүмкіндігі 60 пайызға, ал оң жанары 30 пайызға нашарлап кеткенін айтады. Дәрігерлер оның оң жақ көзінде 500 ұсақ тесіктер барын анықтаған.  

Алғашында оның көзі қатты аши бастапты. Көзге арналған тамшылар тамызғанмен көмек болмаған. Қатты мазалағандықтан дәрігер көмегіне жүгінеді. Олар науқастың көзі құдды «қысқа толқынды пешке салып алғандай» күйде тұрғанын айтады. Мамандар мұны Чэньнің қалта телефонының экранын барынша жарқыратып қолдануынан деп түсіндірді. Белгілі болғанындай бойжеткен үй ішінде де, қараңғылықта да смартфонын қолдану кезінде оның қолдану күйін өзгертпейтін әдеті болыпты. Қазір ол ем-шаралар қабылдап жатыр.  

А. Төребекқызы