Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Нью-Йорктегі ботаникалық бақта 17-ші орхидея көрмесі басталды

AstanaTV
22.02.2019ж. 20:00
2764
Нью-Йорктегі ботаникалық бақта 17-ші орхидея көрмесі басталды

АҚШ-та орхидеяның 200-ге жуық сұрпы бір уақытта гүлдеді. Нью-Йорктегі ботаникалық бақта 17-ші орхидея көрмесі басталды. Дәстүрлі шараның биылғы тақырыбы Сингапурге арналып отыр. Азиядағы алып шаһардың ұлттық гүлі сол үшін таңдалған. Америкалықтар бұл көрмеден өсімдік патшалығының 7 мыңнан аса ең әдемі гүлдерін тамашалай алады. Әсем көрініс әуезді әуенмен үйлесім тапқан. Көрерменді ерекше күйге бөлейді. Тіпті, кейбір келушілер сан түрлі гүлзарды күні бойы аралаудан жалықпайтын көрінді. Көрме 22 сәуірге дейін жалғасады.  

Кэрри БАРРЭТ, НЬЮ-ЙОРКТЕГІ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Ботаникалық бақтағы ең атақты дүние -гүлдермен көмкерілген қақпа. Мұқият қарасаңыз, көз алдыңызда түстерін өзгертіп тұрады. Бұл идеяны біз Сингапурдан алдық. Ол жақта мұндай гүлдер жиі кездеседі.

А. Бектас