Ақтауда көліктің астына әдейі түспек болған жігіт түсірілген видео тараған. Полиция ұстап, айыппұл салды. Қылмыстың мұндай түрі де жетті. Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының төрағасы Бақытжан Есенов: Жаяу жүргіншінің қасақана көліктің астына түсуі соңғы кезде жиіледі. Осындай жағдайда көлік жүргізушісі қорғалу керек. Яғни жаңа бап қажет, деді. Ішкі орган сатумен салыстыруға болмас, дегенмен бәрінен сорақы қадам-ау. Абай Сейфулла әңгімелейді.
«Орынмен ауысу» фильмінен үзінді. Реж: Джон Лэндис. 1983 ж.
— Это полиция. У нас есть жалобы на жулика, который косит под слепого и калеку.
— Я бы помог вам, сэр! Но я уже давно ничего не вижу, как в 72-ом наступил на мину во Вьетнаме.
— О, ты был во Вьетнаме? Мы тоже. Ты где воевал?
— Я был... эта... Сэнь-Бэнь, Дэнь-Ган, ну и там везде короче — везде побывал. ..
- Так ты летчик?
— ... Я могу видеть! Я вижу. И ноги. Вы посмотрите, я могу ходить. Боже, слава тебе Господи, спасибо ребята!
Алаяқтықтың алуан түрі адамзат пайда болғалы бері бар шығар. Жезөкшелік секілді оны да ешкім түбірімен құрта алмайды. Америка жазушысы Холли Блэктің «Ақ мысық» кітабында «Жақсы алаяқ бәрінен ақылды болу керек, ұсақ-түйекке мән беріп, жоспарына сенсе ғана ол жақсы алаяқ» деген үзінді бар. Бірақ Алматыда жақында болған мына жағдайды айлакерлік емес, әпенделікке жатқызар едік. Жаяу жүргінші дайындалып тұрып, жақындаған көліктің алдына қасақана құлайды. Жүргізуші шығып, жағдайын сұрамайды. Керісінше, ашуланып, балағаттап бір тебеді. Бір минут өтпей полиция келіп үлгереді. Бейкүнә шопыр, оларға жағдайды түсіндіріп бағады.
- Заберите его, он - автоподставщик...
Көбі жедел келе қалған полицияны көлікке ұрынған алаяқпан ауыз жаласқан деп кінәлаған. Ішкі істер департаменті бәрін жоққа шығарды. Ал Ақтаудағы алаяқты куәгерлер түсіріп алған.
- Вот этот человек специально под колесо бежит. Смотрите. Осторожно! По центральной дороге парень, под колесо, под колесо!
Алдыңғы жылдары автокөліктен ақша бопсалайтын жанкештілер Ресейде көбейіп кеткен еді. Көлік жүргізушілері біздің құқығымыз қорғалмаған деп талай шырылдаған.
Бақытжан ЕСЕНОВ, АСТАНА Қ.ЕСІЛ АУДАНДЫҚ №2 СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Егер де жаяу жүргінші қасақана көліктің астына түсіп, осындай фактілер соңғы кезде көп орын алып жатыр. Осындай жағдайда көлік жүргізушісі қорғалу керек. Оны қорғау жөнінде бап қажет сияқты.
Адвокат Абзал Құспан көшеге ит ертіп шығатын болсаң, аузына тұмылдырық кигіз, жұртты тістеп алмасын дейді. Яғни көлік міндің бе, дұрыс басқар. Ал заңды өзгерткеннен пайда жоқ.
Абзал ҚҰСПАН, АДВОКАТ:
Жол ережесі кімнің тарапынан бұзылғанына қарамастан, жоғары қауіптілік иесі алдымен жол ережесін емес, алдындағы адамның өмірін ойлау керек. Өмірді де, денсаулықты да ақшаға сатып ала алмайды ешкім. Сол себептен ол кінә емес, жоғары қауіптілік иесіне қосымша жауапкершілік.++ Бұ жерде алаяқтықпен күресті ғана күшейту керек. Басқа формасы жоқ оның. Алаяқтықтың болашақ құрбандары, солардың құқықтық сауаттылығын, әр нәрсеге мұқият қарауын көтеру қажет.
Мәселенің екінші жағы шығып отыр. Көлік иелері өз құқықтарын білмесе, жолға қарамайтын жүргінші көп. Орынсыз жерден өтеді де, қараптан-қарап шопырларды шығынға ұшыратады, өмірлерін тәуекелге тігеді. 2018 жылы Алматыда автокөлік жолын кесіп 57 адам опат болған. Астанада жаяу жүргіншілер қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасы биыл 9,6 пайызға артты. Былтыр сотта мұндай 25 іс қаралған.
Нұржан ӘДІЛОВ, АСТАНА Қ. ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ:
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын оқиғаларға олардың жолды кез келген жерден кесіп өтуі, ұялы телефонды қолдануы себеп болып отыр. 515 жаяу жүргінші өткелдері бар. Оның 120-сы бағдаршаммен орнатылған. Биыл оның пайызы өседі.
Көбейтпесе жағдай қиын. Бақылап едік, елорда көшелерінің бірінде он минутта жиырмадан астам адам мәшиненің жолағын кесіп өтіп үлгерді. Жолдың бергі жағы университет, арғы беті аялдама. Ал бағдаршам алыс.
- Жігіттер, айтыңдаршы, неге бағдаршамнан өтпедіңдер?
- Ммм, уақыт «экономдау» үшін... Асығып барамыз сабаққа.
- Күн сайын осы жерден өтесіңдер ме?
-Жоқ, осы жолы тек.
Негізі бәріміз де сондаймыз. Күн сайын болмаса да көліктің алдынан жүгіріп тұратынымыз рас. Себебі үлкендерден үлгі аламыз. Әсіресе, әжелерден.
- Конечно, я рискую, но я так внимательно смотрю. Когда гололед, я так не делаю. Тут раньше был переход, теперь нет. Смотрите, мне куда идти? Вон куда идти, и вон. А мне вот, мой дом...Ну, что говорить, если они смотрят на старых, как я, которые нарушают.
Егер полиция қолға түсірсе, 12000 теңге айыппұл төлейтінін көбі біле бермейді. Жол сақшылары да көліктермен алысам деп, адамдарға аса назар аудармайды. Мысалы, мына жігіттер жасыл жейделілерді көре тұра ереже бұзды.
- Кешіріңіз, мына жерден өту керек, иә?
- Анау «пешеход» тұр, арнайы. Кісілер өтіп жатыр.
- Бізге көрініп тұрған жоқ.
- Қалай көрінбейді, әп-әдемі көрініп тұр, жарқырап.
Асығып жүріп, алдындағыны байқамай қалатындар да бар:
- Неліктен жолды кесіп өттіңіз?
- Асығып бара жатқаннан кейін. Шынымды айтам... Мен түсінемін, әне «знакты» көріп тұрмын. «Знактан» өтуім керек.
Заңгер айтқандай заң емес, заң бойынша бақылау күшеймесе, алаяқ та, асығып жол кесушілер де, тіпті адам өлімі де азаймайтыны айқын. Конституцияда адам өмірі бірінші орында делінгенімен, өз өміріңіз өзіңізге ғана қымбат. Сосын сіздің қателігіңіз үшін өзгенің жапа шегуі де әділ емес қой?!
- Қауіп төнген жоқ па, осылай күн сайын өтіп жүргенде.
- Жоқ.
- Полиция ұстаған жоқ?
- Жоқ...