Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жаңа Үкімет жасақталды!

AstanaTV
25.02.2019ж. 20:00
3512
Жаңа Үкімет жасақталды!

Жаңа Үкімет жасақталды! Асқар Мамин Премьер-министр болып ақыры тағайындалды. Үкімет құрамында күтпеген өзгерістер те бар. Министрлер сапына Бердібек Сапарбаев қайта оралды. Президент Үкіметті отсавкаға жіберген соң, кей мекемелер тіпті қысқарып та қалды. Дархан Калетаев өз құзіретін Дәурен Абаевқа тапсырды. Премьердің үш бірдей орынбасары да ауысты. Абай Сейфолла тарқатады.  

Төрт күн бойы Премьердің міндетін атқарған Асқар Маминның кандидатурасын Мәжіліс депутаттарына Нұрсұлтан Назарбаев таңертең ұсынған еді. Төменгі палата қарсылық білдірген жоқ. Бұған дейін екі жыл бойы Премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Асқар Ұзақбайұлын көпшілік негізінен «Қазақстан темір жолы»-мен байланыстырады. Сегіз жыл табан аудармай ұлттық компанияны басқарған. Мемлекеттік қызметке 1996 жылы келеді. Ол әр жылдары Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін де атқарды. 

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: 

Аса мәртебелі Елбасы, құрметті депутаттар, маған артқан сеніміңіз үшін үлкен алғыс білдіремін. Мен үшін бұл орасан мәртебе. Сіздің алдыңыздағы үлкен жауапкершілік. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңа деңгейге шығару міндетін Үкімет сапалы түрде іске асырады. Осы мақсатты жүзеге асыруда Үкімет, Парламент бірлесіп, нәтижелі жұмыс атқаратынына сенемін. Қызметімде бар күшімді, тәжірибемді, күшімді салып жұмыс жасаймын.

Ал, түстен кейін Мәжілісте министрлердің тағдыры шешілді. Әлеуметтік салаға жауапты Әбілқасымованың орнына саяси салмағы басым Бердібек Сапарбаев келді. Экс-Үкімет осы әлеуметтік проблемаларды шеше алмаған соң, таратылған еді. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Азаматтардың нақты табысы экономиканың өсуіне қарамай біраз төмендеді. Қабылданған бағдарламалар бар, оған берілген қаражаттар бар, соған қарамастан сол қаражаттар халыққа нақты жете алған жоқ.

Экономикалық өсімге енді Руслан Дәленов жауапты. Ыстамбұлдағы Мәрмәра унтверситетінің түлегі. Бүгінге дейін Тимур Сүлейменовтің орынбасары болған. Премьердің үш орынбасары да ауысты. Жеңіс Қасымбек, Гүлшара Әбдіхалықова және Қаржы министрі позициясын сақтап қалған Әлихан Смаилов. Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып, әдетте баяндамасын қазақша оқитын Роман Скляр тағайындалды. Ерлан Сағадиев эстафетаны Күләш Шәмшидиноваға берді.   

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: 

Біз проблема көріп тұрмыз, әрине. Бұл тарифтер проблемасы, бюджеттің мақсатты қаржыландырылуы. Бірқатар проблема әрине, бар. Ол ескі, жаңа проблемалар. Біз оны орындауға, шешуге дайынбыз.

Сондай-ақ, екі министрлік қайта құрылады. Бірі тіпті тарап кетті. Дархан Калетаев министр емес. Қоғамдық дамуға жауапты болған мекеме, Ақпаратқа қосылып Абаевқа берілді. Есесіне, Цифрландыру енді Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтті. 

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: 

Министрліктің қайта құрылуы қалыпты жағдай. Елбасы берген жаңа тапсырмаларды орындау үшін солай жасалу керек болды. Цифрландырудың, ақпараттық саланың, қоғамдық дамудың деңгейін көтеру үшін бұл өте дұрыс шешім деп есептеймін.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:  

Айтпақшы, Ауылшаруашлығы министрі болған Шөкеев мырза Үкімет құрамында жоқ. Орнына Сапархан Омаров келді. Бір жеті шамасында Облыс әкімдері тағайындалды. Бәлкім сол тізімнен Өмірзақ Естайұлының есемін көріп қалармыз. Сөйтіп, ұзын-саны 5 министр «аттан ауып түсті». Ал, ескі Үкіметте Премьердің орынбасары болған Ерболат Досаев, енді Ұлттық банк төрағасы.

А. Сейфулла