Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

19 жыл бұрын жоғалған қазақстандық қыз Душанбеден табылды

AstanaTV
25.02.2019ж. 20:00
4674
19 жыл бұрын жоғалған қазақстандық қыз Душанбеден табылды

19 жыл бұрын жоғалған отандасымыз Душанбеден табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Іздеу жұмыстарына бір жарым айдан аса уақыт кеткен. Қазір Әсел Тәжікстан астанасынан Атырау қаласына, өз отбасына жеткізілді. Айта кетейік, ол 16 жасында Тәжікстан азаматына ғашық болып, онымен Душанбеге аттанған. Күні бүгінге дейін туыстары одан еш хабар ала алмай келген. Жоғалған қыз Душанбеде еш құжатсыз өмір сүрді. Қазір жұбайымен ажырасып кеткен. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Полиция учаскесінен келе жатқан болатын біздің бір консул. Сөйтсе жолдың бойында бір қыз тұр дейді, түрі таныс. Өтіп барып, қайтадан артқа келіп, машинасы кері айдап келіп, қазақша сұрайды: «Сенің атың Әсел ме?»,- деп. Ол тәжікше жауап береді. Сосын қайтадан сұрайды. Сосын қазақша білмейтінін түсініп: «Вас зовут Асель?»,-деп сұрайды. «Да, меня зовут Асель»,- дейді. Сол жерде әке-шешесінің фото-видеосын көрсетіп, іздеп жатқанын айтып еді... Ана қыз жолдың бойында отыра қап жылады, жарты сағаттай. 19 жыл мені ешкім іздемеген еді деп.  

Ә. Өмірзақ