Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Астана» телеарнасы «Нұр Отан»: жасампаздық пен дамудың 20 жылы» деректі фильмін түсірді

AstanaTV
26.02.2019ж. 20:00
2619
«Астана» телеарнасы «Нұр Отан»: жасампаздық пен дамудың 20 жылы» деректі фильмін түсірді

Жасампаздық пен дамудың 20 жылы. «Астана» телеарнасы «Нұр Отан» партиясының мерейтойы қарсаңында деректі фильм түсірді. Саяси ұйымның тарихына шолу жасайтын туынды бүгін 21:00-де көрерменге жол тартады. Тұңғыш рет Партия төрағасы бірінші орынбасарларының сұхбатын бір фильмде жинауға мүмкіндік туды. Онда Сергей Терещенко, Бақытжан Жұмағұлов, Әділбек Жақсыбеков, Нұрлан Нығматулин, Бауыржан Байбек және Мәулен Әшімбаев партияны жаңғырту жолындағы естеліктерімен бөліседі. Ал, бас партияның 18-ші съезі қарсаңында нұротандықтар саяси ұйымды нығайта түсудің маңыздылығын атап өтті.  

Аббат ӨРІСБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Қазір мемлекеттік құрылымда, партияда болып жатқан өзгерістер барлығын жаңартуда. Жаңа адамдар жаңа идеяларымен келіп жатыр. Өйткені, әр кезеңдегі адамдар тапсырмаларды өз әдістерімен орындап келді.

А. Бектас