Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда балалар мінген автобус апатқа ұшырады

AstanaTV
27.02.2019ж. 20:00
2712
Атырауда балалар мінген автобус апатқа ұшырады

«Атырау-Орал» тас жолында ірі жол апатынан зардап шеккен спортшы балалардың жағдайы орташа. Облыс орталығына жеткізілген алты баланың біреуіне жедел ота жасалмақшы. Тағы екеуі түрлі жарақаттар алған. Ал, үш жасөспірім жергілікті емханаға жіберілді.  

Сергей ХВАН, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Балалар түрлі жарақат алған. Жамбасы сынған, миы соғылған. Бір баланың сүйегі сынған. Тағы бір баланың қабырғасы сынған. Жергілікті емханаларға жіберген үш баланың бетінде, кеудесінде көптеген жарақаттары бар. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше медициналық көмек көрсетті, толықтай тексерістен өтті.

Естеріңізге салсақ, кеше Атырау облысы аумағында Орал қаласынан спорттық турнирге аттанған автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орынында 3 ересек адам опат болды. 16 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Автобуста болған 43 жолаушының 15-і балалар. Облыста зардап шеккендердің туыстары ақпарат алу үшін «Колл орталық» іске қосылған. Қайғылы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Б. Нәдірқызы