Негізгі / Жаңалықтар / Қызылжар өңірінде нәрестелердің өлімі 25 пайызға өскен

Қызылжар өңірінде нәрестелердің өлімі 25 пайызға өскен

Қызылжар өңірінде нәресте өлімі 25 пайызға өскен. Бұл жайында денсаулық сақтау басқармасының мамандары хабарлады. 2017 жылы аймақта бір жасқа дейінгі 67 нәресте шетінеп кетсе, былтыр бұл көрсеткіш 77-ге жетті. Мамандар олардың басым бөлігі мерзімінен ерте туған сәбилер деп отыр. Перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Маутова сәбилердің өлімін әйелдердің арасында түсік жасатудың көбейгенімен байланыстырады. Былтыр үш мыңға жуық әйел хирургиялық жолмен баласын алғызып тастаған.  

Жанна МАУТОВА, СҚО ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 

Солтүстік Қазақстан облысында әрбір екінші-үшінші әйел хирургиялық жолмен немесе дәрі ішу арқылы түсік жасатады. Салдарынан олар көбіне мерзімінен бұрын туады. 2018 жылы перинаталдық орталықта қайтыс болған нәрестелердің біреуі ғана мерзіміне жетіп туған. Қалғандарының салмағы 1.5 келіден аспайды.

А. Құрманкин