Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

АҚШ конгресін Путиннің байлығы қызықтырып отыр

AstanaTV
28.02.2019ж. 20:00
2558
АҚШ конгресін Путиннің байлығы қызықтырып отыр

АҚШ конгресін Путиннің байлығы қызықтырып отыр. Ресей Президентінің табысын жария етуді талап ететін заң жобасын конгресмендер талқыға салуда. «Құжат Владимир Путиннің кірісі мен оның жақтастарының дүние-мүлкін түгендеуді көздейді»,-деп хабарлайды «ABC News». Конгресмендердің пайымынша, Ресей Американың демократиялық құрылымына қол сұққысы келген. Сондықтан, Путиннің заңсыз жолмен иемденген қаржысын жария ету көзделіп отыр. Айта кету керек, 6 жылда Путиннің табысы 38,6 миллион рубльді құраған. Мұны 2018 жылы Ресейдің орталық сайлау коммиссиясы ресми сайтында жарияланған болатын. Дегенмен, сарапшылар әр қилы сандарды алға тартып, болжам жасауда. Кәсіпкер Билл Браудер Ресей Президентінің жиған-тергені 200 миллиард доллар деп санайды.  

Н. Біләл