Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Вьетнамдағы саммитті Оңтүстік Корея президенті де бақылап отыр

AstanaTV
28.02.2019ж. 20:00
2596
Вьетнамдағы саммитті Оңтүстік Корея президенті де бақылап отыр

Ал Вьетнамда екі қас мемлекет достасып жатыр. «Солтүстік Корея экономиканың қозғаушы күшіне айналады. Бұған АҚШ қолдау көрсетуге ниетті». Дональд Трамп Вьетнамдағы саммиттің екінші күні осылай деп мәлімдеді. «Рейтерстің» хабарлауынша, тараптар тың идеяларымен бөлісіп, кездесудің екі ел үшін тиімді боларына сенім білдірген. АҚШ Кореяны ядролық қарудан бас тартуға асықтырмайды. Бірақ, елді қарудан түбегейлі азат аймақ етуді талап етті. Ким Чен Ын өз тарапынан саммиттен жақсы нәтиже шығаруға уәде берген. Ханойдағы кездесуді Оңтүстік Корея президенті де бақылап отыр. Бұл туралы «Yonhap» агенттігі жазады. Тіпті, Мун Чжэ Ин бүгінге жоспарлаған барлық ісін кейінге шегерген. 

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Мен Кореяның ядролық қаруды сынақтан өткізуден бас тартқанын бағалаймын. Біз үшін уақыт маңызды емес. Асығыс жоқ. Бірақ, қалай да дұрыс келісімге келуді көздеймін. Мен Солтүстік Кореяның нағыз экономиканың қозғаушы күшіне айналарына сенемін. Бұл үшін қолдау көрсетуге дайынбыз.

А. Бектас