Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Nur Otan» халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

AstanaTV
05.03.2019ж. 20:00
3046
«Nur Otan» халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Жапонияның басқарушы партияларының арасында ынтымақтастық байланыс бекімек. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жапония елшісі Тацухико Касаимен кездесіп, осындай мәмілеге келді. Дипломат Қазақстандағы қызметіне осы жылдың басында ғана кіріскен. Мемлекет басшысына сенім грамотасын табыстап та үлгерді. Екіжақты кездесуде «Nur Otan»-ның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы мен партияның XVIII съезінде айтылған Президенттің тапсырмалары да талқыланды.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ,«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мемлекет басшысы көтерген бастамалар мен ұсыныстардың әлеуметтік маңызы ерекше. Онда баспана, жалақыны көтеру, инфрақұрылымды дамыту мәселелері қамтылған. Біздің міндет - осы тапсырмаларды бұлжытпай орындап, оның жүзеге асырылу барысына қоғамдық бақылау орнату.

Мәулен Әшімбаев бүгін Германияның төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннермен де кездесті. Олар екі елдің экономикалық және әлеуметтік салаларындағы байланысын сөз қылды. Германияның Христиан-демократиялық одағымен ынтымақтастықты нығайту жөнінде де әңгімелесті.  

Д. Қайыртай