Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Енді тек жеке куәлігін көрсетіп, әлеуметтік көмек алуға болады

AstanaTV
05.03.2019ж. 20:00
3604
Енді тек жеке куәлігін көрсетіп, әлеуметтік көмек алуға болады

1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар тек жеке куәлігін көрсетіп, әлеуметтік көмек ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты. Тұрғындар енді өтініш беру үшін 8 түрлі құжат жинамайды. Ал, ең төменгі күнкөріс деңгейі бұрын 14 849 тг болса, қазір 20 789 теңгеге көбейеді. Осы уақытқа дейін әлеуметтік жәрдемақыны 570 мың адам алып келген. Енді олардың саны 830 мыңға дейін артады. Ал, 4 баласы бар ана бұдан былай ай сайын 63 740 теңге емес, 114 449 теңге алады.  

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: 

Бұған қосымша «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері мен мүгедек балаларға алатын жәрдемақы, стипендия осы табыстан шегерілетін болады. Жалпы осы атаулы әлеуметтік көмектің төленуі қазіргі таңда бір балаға 4 834 теңге болса, енді ай сайын әрбір балаға 20 789 теңге төленеді.

Ірі емханаларға жету үшін халық біраз уақытын жоғалтады. Бұл мәселені шешу үшін 2021 жылға дейін 595 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады. Осылайша, елді мекенде тұратын халық 100 пайыз медициналық көмекпен қамтылмақ. Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап 225 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы көтеріледі. Биыл бұған қосымша 37,6 млрд теңге бөлінеді.  

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Сонымен біз осы 3 жылдың ішінде осы салаларға бөлініп жатқан қаражаттың сомасын көбейтіп, бұл аурудың алдын алуға, вакцинацияға, скринингтен өтуге, тегін беріліп жатқан дәрі-дәрмектерге, сонымен қатар алғашқы медициналық көмекке қолжетімділік үшін қаржылар қарастырылады.

А. Бектас