$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысына қызанақ пен қиярдың суреттерін алып келді

AstanaTV
05.03.2019ж. 20:00
3423
Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысына қызанақ пен қиярдың суреттерін алып келді

Көкөніс бағасы арзандайды. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов кеше Астанадағы базарларды арнайы аралапты. Бұған дейін журналистерге коммуналдық төлем түбіртегін көрсеткен министр бұл жолы Үкімет отырысына бағасы көрсетілген қызанақ пен қиярдың суреттерін алып келді.  

Басқа кейбір сауда орталықтарында басқа баға. Мысалы, сорттарына қарай әртүрлі бағалар. Мысалы, «Рова» сорты, сорт «Рова» огурцы 1080 теңге, сорт миринда уже 1980 теңге. 

Айтуынша, антимонопиялық комитет көкөніс бағасын қатаң қадағалауға кірісті. Себебі, саудагерлер екінші жыл қатарынан наурыз айында мерекені сылтауратып, маусымдық тауар бағасын көтеріп отыр екен. Қазір елорданың базарларында сортына қарай қызанақ құны 1300, қияр 1400 теңгеге дейін барады.  

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: 

Жазға дейін баға 30-40 пайызға төмендетіледі. Бірақ, қазіргі бағалары өте жоғары. Өйткені, ол маусымдық тауар болып табылады. Біз бұл жағдайды тексереміз. Бағалары өзгермесе, айыппұл салынады. Айыппұл табысқа 3 немесе 5 процент.

Су жаңа министрдің тағы бірі Күләш Шамшидинова білім саласында қайтадан реформалар жасап, балалардың басын қатырмаймын деді. Келер жылы жаңа білім бағдарламасы қабылданады. Алайда, ол күрделі өзгеріс әкелмейді. Бірақ, бас мұғалім бұл Сағадиевтің саясатын жалғастыру емес, білім саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асыру екенін баса айтты.  

Күләш ШӘМШИДИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: 

Біріншіден, әр министр өзінің реформасын енгізбейді. Жалпы мемлекетімізде білім саясатына байланысты қалыптасқан, қабылданған шаралар бар. Біз осы шараларды біртіндеп енгізетін боламыз. Бірақ, әр министр кейбір мәселелерде асығуы мүмкін. Кей мәселелерде тежеуі мүмкін. Кейбір мәселелерді өзінің тұрғысынан қарауы мүмкін.

А. Сейфулла