$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елдің экономикалық өсімін әрбір қазақстандық сезінуі керек - М.Әшімбаев

AstanaTV
06.03.2019ж. 20:00
2856
Елдің экономикалық өсімін әрбір қазақстандық сезінуі керек - М.Әшімбаев

Елдің экономикалық өсімін әрбір қазақстандық сезінуі керек. «Нұр Отан» партиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасы осыны көздейді. Құжат бүгін «Nur Otan Trends» пікірталас алаңында талқыланды. Онда экономистер, сарапшылар, саясаткерлер мен консалтингтік компания өкілдері бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері жайлы сөз қозғады. Отырыста «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары бағдарламаның әріптестік және даму ұйымына мүше елдердің стандарттарымен жасалғанын айтты.» Жалпыұлттық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам да бірігу қажет»,- деді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партияның алдағы уақыттағы мақсат-міндеттерін анықтауда бағдарламаның маңызы зор. Өйткені, бұл құжатта қазақстандық отбасылардың тұрмысын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, қолжетімді білімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, инклюзивті экономика қалыптастыру, бизнесті қолдау және әр азаматтың өмір сүру сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелер қамтылды. Барлық мақсаттар халықтың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған .

Н. Біләл