Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жыл сайын «Форбс» рейтингісінде «Amazon» негізін қалаушы Джеф Безос көш бастайды

AstanaTV
06.03.2019ж. 20:00
2714
Жыл сайын «Форбс» рейтингісінде «Amazon» негізін қалаушы Джеф Безос көш бастайды

Жыл сайын «Форбс» рейтингісінде «Amazon» негізін қалаушы Джеф Безос көш бастайды. Ол бір жылда 19 млрд доллар табыс тапқан. Осылайша дәулеті 131 млрд доллардан асып түсіпті. «Microsoft» -ты құрған Билл Гейтс екінші орында. Оның табысы 96,5 млрд долларды құраған. Ал, қаржыгер Уоррен Баффет үшінші орында қалды. Дәулеті 82,5 млрд долларға жеткен. Сән-салтанатты заттар сататын компания иесі Бернард Арно тізімде төртінші. Ал, бестікте Меасикадағы ең бай адам саналатын Карлос Слим. Ол «New York Times» басылымын иемденушілердің бірі. Ал, «Facebook» акцияларының құлдырауынан табысы 9 млрд долларға кеміп қалған Марк Цукерберг 5-ші орыннан 8-ші орынға төмендеп қалды. Ал, миллиардерлердің ішіндегі ең жасы- Кайли Дженнер. 21 жастағы америкалық модельдің косметикалық бизнестегі табысы 1 млрд долларға жеткен.

Г. Меңдеева