Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Той жасауға жұмсаған шығыныңыз туралы мемлекетке есеп беруіңіз мүмкін

AstanaTV
06.03.2019ж. 20:00
5604
Той жасауға жұмсаған шығыныңыз туралы мемлекетке есеп беруіңіз мүмкін

Той жасауға жұмсаған шығыныңыз туралы да мемлекетке есеп беруіңіз мүмкін. 2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық азаматы пайдасы мен шығыны жөнінде декларация толтырады. Оған жылжымайтын мүлік, қаржы, көлік, шетелдегі есепшот, барлық атыңыздағы қымбат заттар көрсетіледі. Декларацияны «ЕГОВ» электронды үкіметімен жүзеге асырудың жолдары қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Талғат Мамаев айтып берді. Сыйлыққа, қандай да бір мерекелік шараға жұмсалған қомақты ақша да есепке алынуы мүмкін. Егер, жасырып қалған затыңыз болса, 75 мың теңгедей айыппұл төлейсіз. Мұндай шаралар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін жасалып отыр. «Әйтпесе, қазақстандықтардың көбі шығыны мен түсімін есептемейді. Соның әсерінен, ақша жеткізе алмай, несиеге жүгіруге мәжбүр болады», - дейді комитет өкілдері.  

Талғат МАМАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Үйлену тойына берілетін сыйлық салық жүйесінде қайтарылмайтын мүлік ретінде қарастырылған. Ол ақшалай болса да жеке тұлғадан жеке тұлғаға өткенде салықтан босатылады. Енді бұл категория бойынша да болашақта салық енгізуіміз мүмкін.

Ал, мемлекеттік қызметкерлер өз қаржылық жағдайын ашық түрде жариялайтын болды. Депутаттардың, әкімдердің атында не бар екенін халық та біліп отырады. Мемлекеттік қызметкерлер қазір де иелігіндегі заттар туралы декларация толтырып жүр. Бірақ, жария түрде емес.

А. Сейфулла