$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде 2020 жылы тойланады

AstanaTV
12.03.2019ж. 20:00
10619
Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде 2020 жылы тойланады

Келесі жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, күллі түркі жұртының бас ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінде айтылды. Әл-Фараби мұраларын зерттеп жүрген шығыстанушы ғалым Әбсәттар Дербісәлі ғұламаның шыққан тегіне қатысты талас-тартысқа осы мерейтой кезінде нүкте қойылуы тиіс деп есептейді. Әбу насыр әл-Фараби туралы зерттеулерде ойшыл ғалымның Парсы әлеміне, араб әлеміне телитін алып-қашпа ақпараттар көп. Бірақ оның қазіргі қазақ жерінде туып, Сирядағы Дамаскте жерлергенін тарихи деректер растап отыр.  

Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ШЫҒЫСТАНУШЫ: 

Бүгін «Нұр Отанның» мәжіліс залында болып, әдебиетшілер, тарихшылар алдында лекция оқыдым. Оның туған жылы, алдағы конференция туралы, шығармашлығы туралы кең әңігмелеп бердім ғой деп ойлаймын.

Р. Асқарбекұлы