$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары 5 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
12.03.2019ж. 20:00
3799
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде облыстық Полиция департаменті бастығының экс-орынбасары 5 жылға сотталды. Ол мемлекет бөлген 12 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталған. Экс-шендінің туған-туыстары мемлекетке 7 млн теңгені қайтарған. Сондықтан, сот шешіміне қарсы шығып жатыр. Толығырақ әріптесім Бақыт Рахметова тарқатады.  

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Облыстық полиция департаментінің бұрыңғы орынбасары Алтай Аңшыбаев 2018 жылдың мамыр айында ұсталған еді. Ол полицейлер отыратын 5 ғимаратты жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен қамалған.

«Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабымен іс қозғалып, лауазымды тұлғаның әрекеті №2 қалалық сотта қаралды. Отырысқа облыстық полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты.  

Гүлнәр ТІЛЕПОВА, №2 АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Аңшыбаев Алтай Кенжетайұлын ҚР ҚК 189 бабы үшінші тармағы 1,2 бөлімімен кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын!

Оған қоса, судья Алтай Аңшыбаевты полковник шенінен айырды. Және өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Экс-шенді 5 миллион 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын өтеуі тиіс. Ал қалған 7 миллион теңгеден астам қаржыны тергеу кезіңде құрылыс жүргізген компания мен сотталушының жақындары өтеген. Сондықтан болар экс-шенеуніктің туыстары соттың шешемімен келіспейді.  

Чапай АҢШЫБАЕВ, СОТТАЛУШЫНЫҢ АҒАСЫ: 

Единсвенный бір кінәсі бар інімнің ол өз креслосын Начальник ДВД айтуымен уақытында босатып кетпеген. Кінәсі сол. Басқа кінәсі жоқ. Ешқандай үкіметтің қаржысын жымқыру болған жоқ.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:  

Айта кетейік, 54 жастағы лауазымды полицейдің кәмелетке толмаған үш баласы бар. Ол Ішкі істер саласында 29 жыл қызмет атқарған.

Б. Рахметова