Негізгі / Жаңалықтар / Аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейтін болады

Аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейтін болады

Аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейтін болады. Бұл туралы Президент тапсырма берген. Мәжілістің пленарлық отырысында мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светалана Жақыпова айтты.  

Светалана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Президенттің тапсырмасымен осы мәселе қаралып жатыр. Жәрдемақының 4 түрі есептелмеуі мүмкін. Ол - көпбалалы отбасыларға, «Алтын» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы және мүгедек балаға қарастырылған төлем. Және шәркіртақы да кіріске жатпайтын болады.

Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған азаматтарға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған. Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады. Вице-министр азаматтар мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды. Дегенмен, олай болса, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылады. Бірақ, әр балаға берілетін жәрдемақы төлене береді.  

Светалана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Егер жалғызбасты ана 4 бала өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді.

Г. Меңдеева