Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға үй құрылысы бітпей тұрып несие беру керек - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

AstanaTV
12.03.2019ж. 20:00
3397
«7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға үй құрылысы бітпей тұрып несие беру керек - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

«7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға үй құрылысы бітпей тұрып несие беру керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық банкке осындай ұсыныс жасап отыр. Бұл туралы Сенаттағы жиында белгілі болды. Министрлік өкілі тұрғызылған тұрғын үй кешендерінің 90 пайызы үй салынып жатқанда сатылып кететінін айтты. Ал үй пайдалануға берілген кезде пәтер ақысы қымбаттайды.  

Бақытжан ҚАШАҚОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Алдымен Тұрғын үйге кепілдік беру қорымен механизмді енгізу керек. Бұл бағдарламаға қатысушылар мен қолжетімділікті арттырады. Бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін біз Ұлттық банкпен ғана емес әкімдікпен, құрылысшылармен талқылауымыз керек.

Ал Ақтөбеде пәтер бағасы қымбат әрі 3 бөлмелі пәтерге сұраныс жоғары. Сондықтан, мамандар аймақ тұрғындарына берілетін лимитті 25 миллион теңгеге көбейтуді ұсынды. Бұл сомма тек Алматы мен Астана, Ақтау мен Атырау тұрғындарына ғана беріледі. Лимит Шымкентте ұлғайтылғанда қалада пәтер ақысы қымбаттап кеткен. Мамандар әрі қымбат баспана тұрғындарды да тығырыққа тірейді деп отыр. «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы «7-20-25» бағдарламасының құрылысына бөлінген 150 миллиард теңгені енді өзге аймақтар да ала алады деп отыр.  

Қайрат АЛТЫНБЕКОВ, «БАСПАНА» ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМЫ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Алматы, Астана, Шымкент, басқалар заң түрінде ол ақшаны ала алмайды. Ол үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізу керек. Министрліктің айтуы бойынша, басқа өңірлер де өз құнды қағаздарын шығарып, біздің бағдарлама бойынша ақшаларын алуға мүмкіндігі бар.

Г. Меңдеева