Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Вена өмір сүруге ең қолайлы қала деп танылды

AstanaTV
14.03.2019ж. 20:00
5033
Вена өмір сүруге ең қолайлы қала деп танылды

Австрия астанасы Вена өмір сүруге ең қолайлы қала деп танылды. Салтанатты бал кештерінің отаны осымен 10-шы рет әлемдегі ең жоғары стандартқа ие қала атанды. «Mercer» порталының рейтингінде өмір сүруге жайлы шаһарлардың көпшілігі Еуропада орналасқан. Екінші, үшінші орындар Цюрих пен Ванкуверге тиесілі. Бұдан бөлек, ондыққа Дюссельдорф, Франкфурт, Копенгаген, Женева мен Базель кіріп отыр. Ал Париж 39-шы позицияға жайғасты. Нью-Йорк - 44-ші, Лондон -41-ші сатыда. Жайлы қалалар рейтингінде Алматы 177-ші орында. Портал барлығы 231 қаланы салыстырған. Тізімді өмір сүру, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы, көлік, тұрмыстық тауарлар, әлеуметтік-мәдени ортасы, білімі мен медицина деңгейін есепке алып жасаған. 

А. Бектас