Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Н. Назарбаев Абу-Дабидегі шейх Заид мешітін аралады

AstanaTV
14.03.2019ж. 20:00
4995
Н. Назарбаев Абу-Дабидегі шейх Заид мешітін аралады

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Сапар аясында Абу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемаларды, туризм, цифрландыру, ғарыш, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты талқылады. Сондай-ақ, Назарбаев Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлердің бірі - шейх Заид мешітін аралап көрді. Мешітке бір уақытта 50 мың адам сияды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр.  

М. Дюсекина