Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Call-орталыққа жемқорлық жайында 5 мыңнан астам қоңырау түскен

AstanaTV
14.03.2019ж. 20:00
2987
Call-орталыққа жемқорлық жайында 5 мыңнан астам қоңырау түскен

Жыл басынан бері Ұлттық бюро колл-орталығына мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлығына шағымданып, 5 мыңнан астам қоңырау соғылған. Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Айта кету керек, құнды дерекпен бөліскендер соттан кейін 75 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сыйақы алады. Жақында осы жедел байланыс арқасында бірнеше мемлекеттік қызметкерге «кісен салынды».  

Шыңғыс ҚАБДОЛА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

27 ақпан күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округінің әкімшілік қызметкері жеке тұлғадан жәрдемақысын рәсімдеу үшін 20 мың теңге пара алған. 2 наурызда Ішкі істер департаментімен бірлескен операциясы барысында Қордай ауданының прокуратура қызметкері қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін азаматтан 200 мың теңге пара алу кезінде әшкереленді. 

Н. Біләл