$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада тағы да газгольдер жарылды

AstanaTV
15.03.2019ж. 20:00
4976
Астанада тағы да газгольдер жарылды

Астанада тағы да газгольдер жарылды. Төтенше жайт «Алаш» тас жолының бойындағы жеке компаниялардың бірінде болған. Салдарынан екі қабатты ғимарат отқа оранды. Зардап шеккендер бар. Жаңа ғана оқиға орнынан жеткен Данияр Қайыртай толығырақ тарқатады. 

Данияр ҚАЙЫРТАЙ:  

Астана қаласының базарлар орналасқан шеткері ауданында «МолПродуктСервис» ғимаратында газгольдер жарылып, өрт тұтанды. Қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 101 қызметіне 17 сағат 6 минутта хабарлама келіп түскен. Алдын-ала таратылған ақпаратқа сенсек, 3 адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы ауыр. Енді бір адам ғимараттағы үйінділердің астында қалып отыр.

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Белгілі болғандай, ол компанияның бухгалтері. Сондықтан, төтеншеліктер алдымен үйінді астындағы адамды құтқарып жатыр. Әкімдік өкілдері мен «Молпродуктсервис» басшылығы да қазір осында. Бірақ, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Куәгерлер жарылыстың күшті болғаны сонша, жер сілкінісі байқалғанын айтады.  

Фазил Гасымов, КУӘГЕР:

Я сидел в машине, смотрю - взрыв. Я совсем не понял, у меня машину пошатало. Потом я вышел, смотрю - оттуда дым пошёл. Тут же машины, скорая помощь, ГАИ. Все поехали туда. Взрыв был громкий. Ну земля потряслась.

Сондықтан төтеншеліктер алдымен үйінді астындағы адамды құтқарып жатыр. Әкімдік өкілдері мен «МолПродуктСервис» басшылығы да қазір осында. Бірақ, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Куәгерлер жарылыстың күшті болғаны сонша жер сілкінісі байқалғанын айтады.

Әзірге жарылыстың неден шыққаны белгісіз. Оқиға орнында көшпелі зертхана жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың себебі бірер күнде белгілі болып қалар. 

Д. Қайыртай