Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Синьор Помидор». Қызанақ пен қияр қыста түсіңе кіретін көкөніс

AstanaTV
16.03.2019ж. 20:00
5772
«Синьор Помидор». Қызанақ пен қияр қыста түсіңе кіретін көкөніс

Ақпанның ортасында материал жасағанбыз - Қызылордада 2012 жылы 120 жылыжай салынатыны шаттықта толы үнмен жарияланып, соңында «аспанға атылған бөрікті» таппай қалғандары туралы. Жарты миллард теңгенің маңында қаржы кеткен... Өзін қойшы, баласы мен немересін ойлаған ата-ананың саудасы 250-300 теңге алмамен шектелетінін айтқанбыз. Көпшілік удай қымбат көкөністің орнына ет алады. Жұрттың қыл аяғы қияр алып жей алмайтынын Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов біледі екен. Көкөністі арзандату ниетін делелдегісі келіп, базарда түсірген фотокәртішкелер көрсетті. Одан кейін сауда орындарына тегіс прайс-парақ ілгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Еуропа елдері секілді дүкендердің кіре берісіне бағаларды жазғызып қою. «Тұтынушы тауар құнын салыстырып, қайда арзандау, сол жерге барады. Сөйтіп, бәсекелестік орнап, баға өзінен өзі төмендейді»,- дейді министр Дәленов. Бірақ... Бірақ көкөністі Тәшкеннен импорттайтын саудагерлер баға соншалықты түспейді дейді. Ойға оралатыны тағы да жылыжай – елімізде қанша өзі? Мәселені Абай Сейфулла зерттеп көрген. Бірінші кезекте ішкі нарықты қамтамасыз етіп, бағаның аспандамауына ықпал етуі керек жылыжайлардың арасында өнімін сыртқа тасып жатқандары бар екен. Италия жазушысы Джанни Родаридің «Чиполлиноның бастан кешкендері» ертегісіндегі синьор Помидорды еске түсіріп, «Өй, сол қатыгезді қойшы»,-деп теріс айналғаннан басқа амал жоқ.        

Бұл – Испания. Томатино, әлемге белгілі «Қызанақ соғысы» фестивалі. Жыл сайын тамыз айының соңғы аптасында Буньоль қаласында испандар, туристер қызанақпан атысып, көңіл көтереді. Мерекені өткізуге шамамен 150 мың тонна қызанақ жұмсалады. Көкөніспен атысудың тарихының бір нұсқасы диктатор Франк кезіндегі халықтың қарсылығымен байланысты. Мереке деген жақсы ғой, бірақ біз мұндай сюжеттерді көргенде "обал-ай" дейміз. Күн суығаннан ол - жеңсік ас. 

- Айтыңызшы, қыста «помидор», «огурцы» аласыз ба?

- Ала алмаймыз, өйткені бағасы өлердей қымбат. Туған күн, ондай-мұндайда бір 500 грамм алуымыз мүмкін. Оған да жетсе...Ұмытамыз ғой оның бет-жүзін көрмейміз, әбден түскенде ғана көруіміз мүмкін.

- Қымбат, қымбат бағасы. Жегіміз келеді, қымбат! 

- Бір қиярымыздың өзі 360-340 теңге шығады. Біреуі! Помидордың дәмін де ұмытып қалдық уже шынын айтсақ.  

- Бәрі өзімізде өседі. Мынау тиіп тұрған Сарыағаштан келеді. Ташкент те тиіп тұр. Все-равно қымбат. 700-800 деген жарты кило еттің бағасы.  

-Ну от того что я скажу она меня не устраивает, что-то будет меняться? 

Көпшілік көкейіндегі осы сенімсіздікті сейілтем деген жаңа экономика министі Үкімет отырысына қызанақ, қияр суретінсіз келмейтін болды. Астанада келісі 1000-теңгеден жоғары көкөніс бағасын бақылап, төмендеттім деп те мақтанды.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Мереке күндері Астанада баға қымбаттаған жоқ. Тіпті кей сауда орындарында арзандап та қалды. Мысалы, қиярлар сортына қарай 1400 теңге болып тұрған жерден 1200- ге, 1000-нан 800 ге, 980-нен 940 қа төмендеген. Қазір тұрақты.

Бағаның сәл болса да төмендеуі әрине, тікелей бақылаумен емес, өзбек көршіміздің жылыжайындағы қызанағаы пісіп, жөнелте бастауымен байланысты.

Енді арзандай бастайды, иә, енді Ташкент басталып жатыр ғой. Степногрск әкеліп жатыр, жолы бар, соған қосатын шығар. Енді Ташкент көбейіп жатыр да, баға түсіп жатыр.

Әйтпесе нарықты қара базарлар тұрғанда реттей салудың оңай еместігін бәрі біледі. Ауыл шаруашылығы министрі тіпті бұл әрекет бизнеске кедергі деп дихандарына кір жуытқысы келмеді.

Сапархан ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Бағаны реттейтін болсақ, зиянымыз тауар өндірушілерге тиіп кетеді. Сондықтан 25 жыл нарықтық экономикада жұмыс істеп келе жатырмыз ғой. Жайлап-жайлап қадамнан қадам басып келе жатырмыз. Негізі аяғында мұндай бағаны реттеуден кетуіміз керек.

Ал бұл министр Дәленовтың Мәжіліске келген кезі. Сондағы төрағаның айтқан сөзі:

Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

С учетом того, что вы активно так сопровождаете свою деятельность фотографиями с базаров, я так понимаю, что вы там ходите, - это уже хорошо. Если бы еще стали в регионы выезжать, а вы это будете делать, наверное, там увидите еще одну проблему. В этом году урожайность по картофелю, начиная с Павлодарской области, заканчивая по всему Казахстану, в том числе и по огурцам, была практически сорвана по реализации. И одной из причин было то, что рынок весь был перенасыщен, в том числе и товарами, которые по нашим двусторонним договорам пришли по сниженным пошлинам.

Сырттан тасылатын өніммен отандық өндірушілер бәсекелесе алмайды. Сөйтіп жергілікті тауар өндіруші көбеймейді. Ал бағасы - қонақ шақырғанда ғана аздап алатын деңгейде қала береді. Астана тұрмақ, аймақтардағы көкөніс бағасы жұрт айтпақшы, удай. Мысалы, Астанадағы ел көп тұтынатын қиярдың маринда, бізде неге екені белгісіз, миринда деп аталатын сортының құны –1200 тг. Басқа өңірлерде орташа баға 800 -ді құрайды. Ал қызанақ Елордада 1000-нан енді төмендеп жатыр. Алматы да сол шамалас. Орал мен Павлодар 900-ден, Шымкент, Қарағанды 800-ден сатады.

Жұрт көп баратын базарлар бағасынан шошып, Астанадағы дүкендерге, базарларға тауар тарататын «Шарын» көтерме сауда орталығына бардық. Біз «Әсем» базарынан апта басында 1200, апта соңына қарай 900 теңгеге көрген «Маринда» қиярын 600-ге беріп жатыр. Екі сауда нүктесінің арасы 5-ақ шақырым. Жолына кеткен шығынды екі есе бағамен өтеп алғысы келе ме, сонда?

Ғалия, САУДАГЕР:

Қазіргі кезде 550 теңгеден «Рава» болып тұр. Помидор 750,780,800 теңге. Миринда – 600.

– Мерекеде, 8-мартта қалай болды?

– Осылай!

Нұрдәулет, САУДАГЕР:

Местоға барам дегенше, адамдардың қолына жеткенше қымбаттап кетеді. Қосады енді, әркім өзінше қосады. Әркімнің өз пейіліне берсін.

Әрине, саудагерлердің пейіліне ешкім жауап бере алмайды. Мәселені шешудің ендігі жолы – жылыжайларды барынша көбейту. Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, қазір бізде 1200 гектардай жылыжай бар. Оның 1000 гектары қысқа шыдамайтын, жұқа пленкамен жабылған шағын «парниктер». Қалған индустриалдық 200 гектар жылыжай бүкіл Қазақстанға қалай жетсін? Ауылды қоспағанда қала тұрғындарының өзі жылына 190 000 тонна қызанақ пен қияр және көк шөп жейді. Испанияның қызанақ тойына бір сағатта жұмсайтын көлемнен сәл-ақ көп. Ауыл шаруашылығына несие беретін «Агрокредит» корпорациясы өз нарығымызды қамтуға тағы 300-400 гектар қыстық жылыжай керек дейді. Алайда өзімізге жетпесе де, сыртқа экспорттайтын кәсіпорындар бар екенін жоққа шығармайды.

Нармұхан САРЫБАЕВ, «АГРОКРЕДИТ» НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Жалпы жыл бойынша біз 20 мың тоннаға жуық экспорттадық. Ол нақты қызанақ пен қияр. Мүмкін оның көлемі жоғарылау. Мүмкін кейбір ақпарат статистикадан тыс өтетін шығар. Бұл жерде айтатыны- кәсіпкерлер, жылыжайларды мәжбүрлеуіміз мүмкін емес.

Бағаны арзандатудың тағы бір жолы – арадағы кемінде екі делдалдан құтылуға мүмкіндік беретін көтерме тарату орталығын салу екенін кезінде Шөкеев те айтып кеткен. Қарағандыда ондай қойма ағымдағы жылдың аяғына дейін ашылады. Астанада да көп ұзамай салынуы тиіс. Орталықтар алыпсатарларды ғана азайтпай, жеміс-жидек, көкөністің бүлінуін 30 процентке төмендетеді.

Нармұхан САРЫБАЕВ, «АГРОКРЕДИТ» НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жерде гарантированный сату мәселесі шешіледі. Өйткені сақтау мәселесіне мүмкіндік болады, климатический режим болады. Ол жерге шағын сауда орталықтары, дүкендер тікелей келіп сатып ала алады.

Дегенмен саудагерлер жақсы тауар бәрібір өзімізде қалмайды дейді:

Бәрі Россияға кетіп жатыр. Жақсыларының бәрін солар алып кетіп жатыр.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:

Экономика министрі расымен сауда орындарына прайс-лист іліп қойса, кредиторлар тезірек 400 гектар жылыжай құрылысына несие берсе, әкімдіктер қаржыны диқанға қинамай жеткізсе, алыпсатардан құтылар қоймалар барлық қалаға салынса мәселе шешілмейді емес, шешілетін сияқты. Базар да өздігінен ақылға қонар бағаға бағынады, сосын. Айтпақшы, біз мысал еткен Испанияның қызанақ фестиваліне 1957 жылы билік шектеу қойып көріпті. Оған қарсы болған тұрғындар «қызанақты жерлеу» рәсімін ұйымдастырып жіберген. Сөйтіп Үкіметтің шарасы таусылып, қызанақ атыс ойынын ресми мереке деп жариялап жіберді. Мерекені қойшы, біздің Үкіметтің шара қабылдаймыз деген уәдесі қашан таусылады? Сол кезде ғана қызанақ, қызанақ деппін ғой, бөркімізді аспанға ататын шығармыз.

Абай Сейфулла «Біздің уақыт»

.