Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Англияның жазғы мектептерінде білім алу 3 мың доллардан басталады

AstanaTV
18.03.2019ж. 20:00
3369
Англияның жазғы мектептерінде білім алу 3 мың доллардан басталады

Астанада жазғы мектептердің білім көрмесі басталды. Соңғы кезде тіл сындырғысы келген қазақстандықтар Ұлыбританияда білім алуды әдетке айналдырған. Айлық және жылдық курстар кімдерге тиімді және бағасы қанша? Әлішер Өмірзақ білім көрмесіне барып көрді.  

Аружан Абдулла бүгінде KIMEP университетінің 2-ші курс студенті. Англияға баруды бала кездеген армандаған ол сол жақта тіл үйреніп, білімін шыңдай алатынын естігенде қуанышы еселе түскенін айтады. 12 жасында дегеніне жетіпті.   

Аружан АБДУЛЛА:  

Менің ең алғашқы ағылшын тіліндегі мектебім осы Англия еліндегі жазғы мектептер. «Bucuswood» метебіне екі рет барып келіп едім, көптеген жағымды әсер алдым деп айтуға болады. Ең бастысы мен ағылшын тілінде сөйлеудегі практикамды өте қатты жоғарғы деңгейге көтердім.

Оқушылар мен студенттер осындай ағылшын тілін үйрететін мектептерде айлап қана емес, жылдап жатып білім ала алады. Айлық курс 3 мың доллардан басталады.  

Сара БЕЛЛОТИ, «MILL HILL INTERNATIONAL» МЕКТЕБІНІҢ ӨКІЛІ: 

Бізге әлемнің түкпір-түкпірінен 1 жылға келіп оқитын оқушылардың саны басым. Оның айлық курстардан өз тиімділігі бар. Сіз Англиядағы үлкен университеттерге түсуіңіз үшін тек ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай, британдық жүйеге үйренесіз. Қазақстаннан келіп оқып жатқандар саны бізде алтау ғана. Олар өзге елдерден келген оқушылардың арасында өзіндік ерекше тәртіптерімен көзге түседі. Білімге деген құштарлықтары жоғары.

Ал арнайы «Британдық білім көрмесін» Астанада өткізуді ұйғарған «Вespoke education» агенттігінің негізін қалаушы Роза Бетелл біздің елдегі үш тіл саясатын ескергенін айтады. Оған тек оқушылар мен студенттер ғана емес, ұстаздар мен басқа да қызметкерлер қатыса алады.  

Роза БЕТЕЛЛ, «BESPOKE EDUCATION» АГЕНТТІГІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: 

Қазақстанда қазір ұстаздар да ағылшын тілінде сабақ беруге кірісті. Осы тұрғыда балаларға сапалы білім алған маңызды. Сондықтан мұғалімдер де Ұлыбританияға барып ағылшын тілін жетілдіре алады. Сондай-ақ, біздің практикада көптеген еліміздің және өзге де елдердегі ірі компаниялардың қызметкерлері келіп, ағылшын тілін меңгергендері болды.

Осы агенттік арқылы соңғы 8 жылда 600-дей қазақстандық Ұлыбританияда оқыған. Олар әлемдік нарықта өзгеден басым түсу үшін ағылшын тілін меңгеру қажет екенін түсінетіндер.  

Ә. Өмірзақ