Өскеменде елдің үздік 97 шахматшысы өзара бақ сынасып жатыр. 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық сайыс он күнге жалғаспақ. Бибісары Абылайқызы турнирдің ең жас қатысушысы. Жетіге енді ғана аяқ басқан ол «шахмат ханшайымы» атағына ие болудан дәмелі. Сайыс үш кезеңнен тұрмақ. Алғашқы бөлігінде интеллектуалды тартыс 5 сағатқа дейін созылады. «Белсенді шахмат» деп алатын екінші кезеңде ойын 10 минуттан аспауы тиіс. Ал ақтық сында ойыншылар «шах» пен «матты» 5 минутта қоюы тиіс. Айта кетейік, қазір шахмат ойынына ден қойған жастар өте көп. Келешекте мектептерде пән ретінді енгізу де жоспарланған. Қазір пилоттық жоба Қызылорда, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында енгізілген. Бүгінгі турнирде оқ бойы алға шыққан шахматшылар жазды күні Түркияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ.
Дастан ҚАПАЕВ, ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
Әлем чемпионатына Қазақстан Федерациясы жолын көтереді. 2-ші орын алғандар Азия чемпионатында Қазақстан насымын қорғайды.
А. Құрманкин