Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстан мал терісін шетелге шығармайтын болады – А. Мырзахметов

AstanaTV
18.03.2019ж. 20:00
2882
Қазақстан мал терісін шетелге шығармайтын болады – А. Мырзахметов

Қазақстан мал терісін шетелге шығармайтын болады. Елдегі импорттық киімдердің көлемін азайтуды көздеген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жеңіл өнеркәсіп саласында отандық өнім үлесін көбейтуге шикізат көзінің шетелден әкелінуі себеп болып отыр. Сондықтан алдағы уақытта шикізат елде өңделеді. Ал қазіргі деректер бойынша елдегі киім-кешектің 82 пайызы шетелдікі.  

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  

Бізде, өкінші орай, жеңіл өнеркәсіптегі мекемелердің көбісі арнайы киімдер ғана тігеді. Қорғаныс саласында, ішкі істер саласында, сосын «МЧС» дейміз және басқаларға. Бұл бағдарламада мемлекеттік заказбен істейтін компаниялар емес, тек тұтынушыларға яғни халыққа өндірілетін негізгі тауарлар шығарылады. Алдымыздағы 3-4-5 жылдың ішінде импортты төмендетіп, біз 50 пайыздан жоғарыны өзіміз өндіруге мақсат қойып отырмыз. 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы халыққа керекті қарапайым тауарларды Қазақстанда өндіру үшін 600 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.  

Ә. Өмірзақ