Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістанда халықаралық әуежай салуға шетелдік компаниялар да ниетті

AstanaTV
18.03.2019ж. 20:00
2905
Түркістанда халықаралық әуежай салуға шетелдік компаниялар да ниетті

Түркістанда халықаралық әуежай салуға ниетті инвесторлар әлі табылған жоқ. Аймақтағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы үшінші рет конкурс жариялап отыр. Әзірге бес компания ниетті. Соның үшеуі шетелдік, қалғаны отандық. Айта кетейік, рухани астанада халықаралық әуежайдың құрылысын салатын инвесторды анықтау үшін алғашқы ашық байқау желтоқсан айында жарияланған. Мұнан соң қаңтар айында екінші рет конкурс өтті. Әуежайдың жобалық құны 20 млрд теңге. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынбақшы. Корпорация менеджері бұған дейінгі байқауға қатысқандар талапқа сай келмегенін айтты.  

Бахтияр ШАЙЫМОВ, «ТҮРКІСТАН» ӘКК АҚ БАС МЕНЕДЖЕРІ: 

Алдыңғы конкурс жариялаған кезде бізде кейбір құжаттары немесе беріп жатқан инвесторлардың бағасы сомасы ГЧП бойынша жоғары болып жатыр. Негізінде Қазақстанда өзі әуежай салатын компаниялар өте аз. Бұған тәжірибесі бар, ертең қолданатын, эксплуатацияға келетін тәжірибесі бар компаниялар қажет. Сондықтан бізге құрылыс жағынан және ары қарай қолданатын халықаралық әуежайды қолданатын компания, инвестор қажет.

А. Төребекқызы