Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды. Астана қалалық сотының баспасөз қызметі шенеуніктің 2 айға қамалғанын хабарлады. Әзірге оған қандай айып тағылғаны белгісіз. Ислам Әбішев су ресурстары комитетін 7 жылдан бері басқарып келді. Бұрын ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
Ботагөз БАЯНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
16 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әбішев Ислам Алмахановичке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге, яғни, 2019 жылғы 14 мамырға дейін санкциялады.
А. Бектас