Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматыда автобус аялдамасындағы адамдарды қаққан көлік жүргізушісі он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - ПД

AstanaTV
18.03.2019ж. 20:00
3549
Алматыда автобус аялдамасындағы адамдарды қаққан көлік жүргізушісі он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - ПД

Ал Алматыда автобус аялдамасындағы адамдарды қағып кеткен көлік жүргізушісі он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, «көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» фактісімен іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. 32 жастағы жүргізуші «Тойота» маркалы көлігін мас күйінде айдаған. Тізгінге ие бола алмай көлікті және аялдамада тұрған үш адамды қаққан. Артынша сол маңдағы тұрғын үйдің қоршауын қиратып барып тоқтаған.   

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Тізгіндегі ер азамат орташа дәрежеде мас күйінде болғанын сот наркологиялық сараптама анықтады. Ол бірден қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің осы нормасына сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Ол кісінің масайған күйде көлік айдағаны және осындай жол көлік оқиғасын болдырғаны ауырлататын мән-жай. Сондықтан сот үкімі шықпай тұрып осы ауырлататын мән-жайларды есепке алады. 

Аялдамада тұрған үш адам ауруханаға жеткізілді. Түстен кейін екінші адамның көз жұмғаны белгілі болды. Олар 1978 жылғы келіншек пен 1988 жылғы бойжеткен. Қазір екі аяғы сынып, бірнеше дене жарақатын алған тағы бір тұрғын ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр. Төсекке таңылған 4 баланың әкесі көліктің қатты келгені соншалық қашып үлгере алмағынын айтады.  

Манатбек ТОБЖАНОВ, ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

Қарасам машина ұшып келе жатыр екен. Қашып үлгере алмадым. Ана кісілерді басты, мені де басты. Мен ұшып кеттім. Аяғым сынды екі аяғым. Басым жарылып, сотрясение алдым. О кісіні көрдім ұшып келіп қасыма құлады. Арамыз 50 см. Аяғы жоқ, шабылып қалған. Ана кісі ар жақта жатыр. Мен үшіншісі.

О. Нұржақып