Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жайық өзенін зерттеуге 80 млн теңге бөлінді

AstanaTV
18.03.2019ж. 20:00
3963
Жайық өзенін зерттеуге 80 млн теңге бөлінді

Жайық өзеніндегі судың сапасы мен қалған балықтарды санауға енді ғалымдар жұмылдырылмақ. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінді. Бұл жайында облыстық балық шаруашылығы басқармасы басшысы айтты. Сондай-ақ, қомақты қаржыға қалған балықтарды көбейту жолдары да қарастырылмақ. Зерттеуге шетелдік ғалымдар да қатысады. Ал өңірде балық саудасы қызып тұр. Базаргүл Нәдірқызы толықтырады.  

Атыраудағы базарлар балықтың түр-түріне толып тұр. Сауда да қызған. «Балық қырылғанымен тауардан таршылық болған жоқ»,- дейді саудагерлер.     

Зоя ТҰРДАЛИЕВА:  

Бастапқыда балықты ауру деп хабарлаған мезгілде халық 10-20 күндей балық алмай қалды. Одан кейін мемлекеттік зертханаға балығымызды апарып, договор жасап, балығымызды өткіздік. 10 шақты күнде хабар келді «балықтарың таза» деп.

Қала бойынша балық сататын 5 сауда нүктесі бар. Ветеринарлық-сараптау зертханасы мамандары олардағы жағдайды қалыпты екенін, күнделікті бақылау жүргізіліп отырғанын жеткізді.    

Айжан ДӘУЛЕТИЯРОВА, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЗЕРТХАНА» РМК АОФ ДИРЕКТОРЫ: 

Келгеннен кейін свежий ма соны қарайды, жабырларын қарайды. Содан кейін құрт бар ма балықтың, етін кесіп, ішкі құрылыстарын, көзін бәрін тексеріп өзінің экспертизасын береді, толық лабораториялық тексерістен өтті деп сатылып жатқан балықтарды.

Ресми мәлімет бойынша, облыста өткен жылдың желтоқсан айынан бері 123 тонна су маржаны қырылған. Оның 103 тоннасы бекіре өсіретін екі зауыттың балығы. 1,3 тоннасы «Перетаска» өзегінен жиналған қара балық. Ал Жайық өзенінен 20 тоннаға тарта өлі балық жағаға шығарылыпты. Өзендегі балық қорын анықтауға және оларды көбейту жұмыстарына ғалымдар тартылып отыр.  

Артур СӘДІБЕКҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Жайықтың суын ғылыми зерттеу жұмыстары үшін 80 млн ақша бөлінді. Бұл жұмыс сәуір айында басталады деп жоспарлануда. Яғни, заң талаптарына сәйкес госзакупка арқылы тендер жарияланады. Сол жерде жеңімпаз анықталады. Қазақстан республкикасымен қоса, басқа шет мемлекеттің басқа Астрахан тағы сол сияқты ғылыми зерттеу институттары қатыса алады. Енді ол жұмыс 3 ай жүргізеді.

Төрт ай өтсе де балықтың жаппай қырылуынан не себеп болғаны әлі белгісіз. Ведомствоаралық комиссия өзенге заңсыз құбыр тартқан 5 нүктені анықтаған. Қазір олардың қандай мекемеге қатысты екендігі тексеріліп жатыр.  

Б. Нәдірқызы