$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру керек - М. Бақтиярұлы

AstanaTV
18.03.2019ж. 20:00
4759
Ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру керек - М. Бақтиярұлы

Ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру керек. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Үкіметке осындай ұсыныс айтты. Ол осы деңгейді нарықтағы ахуалға сәйкес қайта есептеу керек деп отыр. Депутат 2019 жылы Еуразия экономикалық одағындағы ең төменгі күнкөріс деңгейіне тоқаталды. Ол Қазақстанда - 29 698 тг, Ресейде - 64 800 тг, Беларусьте - 38 400, Арменияда - 48 300, Қырғызстанда - 25 876 теңге. Және елде кедей санын нақты анықтап алу керек дейді. Ресейде ресми түрде 18 млн адам кедей санатында.   

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Елде ең төменгі күнкөріс шегі күніне 998 тг кіріс кіретіндер саналса БҰҰ стандарты бойынша ең төменгі ККШ 5 доллар яғни 1875 теңге. Сондықтан, Үкімет қазіргі шынайы тұрмысқа өмір сапасына бейімдеп, оған жұмсалатын қаржы көздерін іздестірсе дейміз.

Ал соңғы кезде атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркеуге тұру-тұрмау мәселесі айтылып жүр. Министр Сапарбаев бұған былай деп жауап қатты. 

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: 

Тіркеусіз болмайды. Онда ертең Астанаға Қазақстанның жартысы көшіп келеді. Олардың бәрін жұмысқа орналастыру керек. Жергілікті билік тіркеу арқылы білу керек, қанша бала мектепке барады, балабақшаға барады, аураханаға барады. Сондықтан, тіркеу міндетті түрде.   

М. Дюсекина